"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нормашығармашылық қызмет

Нормашығармашылық қызмет

Заңның 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес ақпарат иелері өз құзыреті шегінде Интернет-ресурстарда ақпарат иеленушінің құзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ақпарат иеленушінің нормашығармашылық қызметі туралыақпаратты орналастыруға міндетті. Мәселен, "құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 25) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық акт қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, құқық нормаларын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы оған ұқсас электрондық құжат болып табылады.; Сонымен қатар, П. 34) "құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңына сәйкес уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес құқықтық актілер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Парламент палаталары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы), Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II "Әкімшілік рәсімдер Туралы" заңының 2-1-тармағына сәйкес  мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғыныладын; Мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады; Мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады; Мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады; Мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады; Мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Осының негізінде, Қоғам квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде ақпараттың иесі болып табылады, бұл ретте Заңға сәйкесқұзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын және норма шығару қызметі туралы ақпаратты регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді Интернет-ресурстарда орналастыру бойынша міндеттемелер жоқ. Қоғам өз кезегінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері бар уәкілетті орган болып табылмайды.

Жаңартылған күні: 09.11.2020 12:23
Құрылған күні: 02.12.2021 16:26

Текст