Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы
1. Қала жайлы қысқаша мәлімет. 1948 жылы қаланған. 1951 жылдан бері кент аталса, 1965 жылдан бастап қала мәртебесін иеленген. Қазір Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының орталығы. Қала облыс орталығы Көкшетау қаласынан 440 км қашықтықта орналасқан. Ерейментау арқылы республикалық маңызға ие Нұрсұлтан-Павлодар автомобиль жолы өтеді.
2. Қала атауы жайлы сыр. Ерейментау тауына қатысты деп алсақ, ел аузындағы аңыз бойынша, жоңғарлардың ойда жоқта жасаған шабуылына тойтарыс берген Қанжығалы Бөгенбай батыр қарсы шыққан жаудың батырын найзамен шаншып түсірген деседі.Қалмақ батырының астына мінген тұлпарын іздеп,бірнеше күннен кейін Кәрітау деген жерден Бөгенбай батыр жіберген сарбаз тауып әкеледі. Ерімен бірге табылған тұлпар табылған тау кейіннен «Ерейментау» аталыпты.
3. Қаладағы өндіріс орындары.
Мұнда темірбетон бұйымдары қиыршық тас, кварцитті өндіретін «Муса Импекс» ЖШС, көмір өндіретін «Он олжа» ЖШС, молибден өндіретін Қызылту маңында «Қызыл ту» ЖШС жұмыс істеуде.
4. Қаладғы әлеуметтік-мәдени мекемелер. Қалада 4 орта және 2 орталау мектеп, музыка және спорт мектептері, теміржолшылардың мәдениет сарайы, балалар мәдениет үйі, мәдениет-спорт кешені, кинотеатр, аудандық байланыс торабы, емхана, 2 аурухана, дәріхана, санитарлық- эпидемиалогиялық стансасы бар.
5.Ерейментаудағы қазба байлықтар. Бұл жерде таудың баурайындағы жартасты адырлары гранит,кварцит сияқты жыныстардан құралса,кен байлығынан алтын,сурьма,боксит,тұз,әктас,кварц құмы,уран рудасы,тас көмір,молибден,марганец,құрылыс материалдары бар. Ерейментаудың атауының мағынасы - ұсақ адыр,кіші таулар деген ұғымды білдіреді. Ертеде бұл алқапта шалқыған теңіз болыпты,оның түбінде миллиондаған жылдар бойы қатты жынысты тұнбалар жиналып,кейін теңіз тартылғанда әк тасқа, кристалдарға, тақта тастарға, кварцқа, гранитке айналған екен.
6. Ерейментау өңіріндегі жануарлар әлемі. Ертеректе Ереймен далалары мен тауларында жабайы жылқылар,құландар мен тарпаңдар,қызыл қасқырлар мен ірі дала мысығы-қарақалдар мекен еткен. Бүгінде олардың біреуі де жоқ. Дуадақ,бүркіт,безгелдек Қызыл кітапқа енгізілген. Қазір жануарлардың таулық, далалық, ормандық түрлері: арқар, қасқыр, түлкі, қарсақ, құм борсығы, байбақ-суыр, кәдімгі аламан, үлкен қосаяқ кішкене саршұнақ, аққоян, орқоян, аққұлақ, ақсусар, дала күзені, қалқанқұлақ кірпі және су егеуқұйрықтары тіршілік етеді.
7. Ерейментау дегенде ел есіне Қанжығалы Бөгенбай батыр,Үмбетей жырау,Бапан мен Саққұлақ билер,Сәдуақас халфе Ғылмани,Олжабай Нұралыұлы сияқты тарихи тұлғалардың есімі бірден ойға оралады. Тарихына қоса, тау баурайындағы кен қазбалары мен ежелгі дәуірден сыр шертетін балбал тастар мен көне заман жәдігерлері,ескерткіштердің орны бөлек.Бүгінде 90 жылдығын атап өткен ауданның даму белестері жайлы айтқанда соңғы үш жылда жел электр стансасының пайдалануға берілгенінен бастап,бұл өңір жасыл экономиканың дамуына айырықша көңіл бөліп отырғандығымен ерекшеленеді. Қалада бүгінгі таңда 9 мыңнан аса халық тұрады.