"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімін өткізу, 2021 жылы білім беру ұйымдары педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                   27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 18 мамырда жарияланып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142796 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) БҰЙЫРАМЫН:

1. Аттестаттауды өткізу және біліктілік санаттарын беру рәсімдерінің мерзімдері 2021 жылғы 29 қаңтар мен 25 маусым аралығы, 25 тамыз бен 25 желтоқсан аралығы болып анықталсын.

2. Қағиданың 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) Ұлттық біліктілік тестілеуін (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) өткізуді жүзеге асырсын.

         3. Ұлттық тестілеу орталығы карантиндік шараларды ескере және санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі әріптестігімен (бұдан әрі - «U-FUTURE» ЖШС) («Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзыреттілік» жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік 2019 жылғы 16 қазандағы № 2 шарт негізінде) бірлесіп 2021 жылғы 25 қаңтар мен 30 сәуір, 25 тамыз бен 30 қараша аралығындағы мерзімде Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізсін.

         4. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік тестілеуін  өткізу пункттерінің тізімі бекітілсін.

5. Осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия құрамы бекітілсін.

         6.  Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылаушы ретінде Біліктілік тестілеуін өткізу барысында қатысатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің тізімі бекітілсін.

         7. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес комбинацияға жататын бейіндік пәндер тізімі бекітілсін.

         8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті (Қ.О. Кенбай) Біліктілік тестілеуі  жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін және жүйені  алдын ала тексеру жұмыстарына жауапты деп белгіленсін:

         9. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы (Р.Б. Қайсабаев) Біліктілік тестілеуін өткізу кезеңінде осалдыққа және Біліктілік тестілеуін жүйесінің жұмысына араласу мүмкіндігіне тексерісті жүзеге асырсын.

         10. Ұлттық тестілеу орталығы (Д.Н. Смағұлов):

1) Біліктілік тестілеуін өткізу бойынша нұсқаулық пен тест тапсырмаларының базасын дайындасын;

         2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларын онлайн-режимде өтініштер қабылдаумен байланысты педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін презентациямен және нұсқаулықпен қамтамасыз етсін;

         3) педагогтердің өтініштерін тіркеу үшін 2021 жылғы 25 қаңтарға, 19 тамызға дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

         4) өтініштерді 2021 жылғы 28 қаңтардан, 23 тамыздан бастап онлайн-режимде қабылдауды ұйымдастырсын;

         5) өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетіне (бұдан әрі – МДОБК) ұсынсын;

         6) Біліктілік тестілеуін  ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін6 сондай-ақ пелляциялық рәсімдерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу және беру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

         7) 2021 жылғы 29 қаңтарға, 20 тамызға дейінгі мерзімде Біліктілік тестілеуін  өткізу кестесін жасасын және МДОБК-ге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментіне (бұдан әрі – ТКБД) ұсынсын;

         8) Біліктілік тестілеуі  процесін бақылауды жүзеге асыру және шешімдерді жедел қабылдау мақсатында ұйымдастырылған Ұлттық тестілеу орталығы жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысын қамтамасыз етсін;

         9) Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Біліктілік тестілеуі нәтижелері бойынша қорытынды есеп пен статистикалық деректерді (апелляцияны ескере отырып) МОБК, ТКБД, ЖЖБД-ге ұсынсын;

10) Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзғаны үшін педагогтермен олардың дербес жауапкершілігіне қатысты келісім дайындап, жасауды қамтамасыз етсін;

         11) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын 2021 жылғы 1 наурыз бен 30 сәуір, 1 қазан мен 30 қараша аралығында ұйымдастырсын;

12) тестілеу аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініштерді қарау және шешім қабылдау үшін қабылдауды ұйымдастыру;      

13) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Республикалық апелляциялық комиссияның жұмыс қорытындыларын МДОБК-ге, ТКБД-не ұсынсын.

         11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде бақылауды қамтамасыз етсін:

1) білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің аумақтық департаменттері өкілдерінің кезекшілік кестесін жасасын;

2) педагогтердің Біліктілік тестілеуін тапсыру және іске қосу кезінде білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етсін;

3) Қағиданың 16, 17, 19-тармақтарын орындауын қамтамасыз етсін;

4) бейнебақылау камералары істен шыққан жағдайда тестіленуші педагогтердің аудиториясына қолжетімділігі болсын.

12. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары:

1) облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерден тестілеуге рұқсат алуға көмектессін;

2) білім беру ұйымдары педагогтерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды   қамтамасыз   ету   және   COVID-19   коронавирустық  инфекциясының                                       таралуының алдын алу үшін 2021 жылғы 5 мамыр мен 25 маусым, 5 қараша мен 25 желтоқсан аралығында аттестаттаудың екінші кезеңі шеңберінде біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;

3) Аттестациялық комиссиясының жұмысы қатаң бақылауға алынсын;

4) педагогтермен Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде ережелерді бұзғаны үшін олардың дербес жауапкершілігіне қатысты Келісім жасасу туралы педагогтер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін;

13. «U-FUTURE» ЖШС (О.Х. Құспеков) (келісім бойынша):

1) Біліктілік тестілеуін өткізу процесінің бейнежазбасына Ұлттық тестілеу орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етсін;

2) Біліктілік тестілеуін өткізу үшін мынадай шарттар мен шараларды:

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде пайдаланылатын өңірлік тестілеу орталықтарының ғимараттарының санитарлық-гигиеналық нормаларына сәйкестігін;

өңірлерде орналасқан тестілеу өткізу пункттерінде педагогтердің өмірі мен денсаулығын сақтау шарттарын;

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде педагогтер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз етсін;

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беру, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алу құрылғыларын пайдалануды ұйымдастырсын;

әрбір қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатсын;

ылғалды тазалауды үнемі жүргізсін;

кварцтау, аудиторияларды желдету режимін, санитарлық-дезинфекциялау режимін қатаң сақтасын;

тестіленушілерді 3 дана А4 форматындағы қағазбен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп тестілеу басталғанға дейін ғимараттың терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді ұйымдастырсын;

тестілеу өткізілетін аудиторияларды мобильді және стационарлық интернетпен, түрлі үлгідегі және әсер ету радиусы бар спутниктік сигнал беретін құрылғылармен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырсын.

14. Біліктілік тестілеуін ақпараттық жүйесінің жұмысын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р.А. Биғариге жүктелсін.

15. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

         16. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жаңартылған күні: 08.11.2024 12:30
Құрылған күні: 08.11.2024 13:01

Текст