Қамқоршылық Кеңесінің құрамына азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес Ерейментау қаласының "№3 жалпы білім беретін мектебі " КММ 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық Кеңесінің құрамына азаматтарды қабылдау туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына кіре алады:
- жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
- жергілікті, өкілетті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
- ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың әр параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата- аналары мен заңды өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар;
ҚК рұқсат беру негізі:
- сотталмауы туралы анықтама
Құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ерейментау қаласы, Казахская көшесі 8/1.