"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІ ПӘНДЕРІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Кіріспе

Қазіргі кезде республика мектептерінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау критериалды бағалаумен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі. Бағдарламаның әр бөлімінен соң бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан соңында жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі. «Жалпы орта білім беру деңгейі пәндерінен жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралын дайындауда «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы, Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы негізге алынды [1, 2]. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығында қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын пән мұғалімі дайындайтыны көрсетілген [3]. 10-11 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламалары «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген. Сонымен бірге апробация және мониторинг қорытындысымен оқу бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен толықтырулар және өзгерістер енгізілген [4-40]. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пән бойынша ЖБ тапсырмаларын дайындау – пән мұғалімі үшін маңызды мәселе. Бұл – пән мұғалімдерінен көп ізденісті, шығармашылықпен ойлауды қажет ететін жауапкершілікті процесс. Ұсынылып отырған жинақта ЖБ ерекшеліктері мен принциптері туралы мәліметтер, негізгі орта мектепке арналған жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде дайындалған тапсырмалардың үлгілері берілген. Әрбір тапсырма бойынша дескрипторлар, баллдық көрсеткіштері көрсетілген. Құрал ЖБ тапсырмаларын дайындау үшін мұғалімге бағдар беретін көмекші құрал ретінде ұсынылады. 4 1 Жиынтық бағалаудың принциптері Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Жиынтық бағалау кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін процесс екені белгілі. Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін саралап, сонымен қатар олардың құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталған [41]. Критериалды бағалау жүйесінің принциптері:  оқушылардың оқу жетістігі мен жиынтық бағалаудың өзара байланыстылығы;  оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің тікелей байланысты болуы;  оқушылардың жетістік деңгейін бағалаудың нақтылығы, анықтылығы және обьективтілік пен валидтіліктің сақталуы;  критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге бағыттылығы;  бағалаудың қолжетімділігі, түсінікті және ашық ақпарат берілуі;  оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерлеуін қадағалаудың үздіксіздігі;  дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесінде оқушылардың дамуын анықтап, қызығушылықтарын арттырып, ынталандыру;  оқушылардың жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінде күтілетін нәтижеге қол жеткізген табыстары мен олардың қалыптасу процестерінің бағалануы;  бағалау критерийлері мен нормалары, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелерінің алгоритмі мұғалімдер мен оқушыларға алдын ала белгілі болуы;  оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзара бағалау дағдыларын меңгеруге және бағалау қызметіне қатыса алатындай етіп құрылуы [42]. 5 Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау процесін ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін ескеру керек: - оқушы өздігінен тапсырмаларды орындауда білім, білік, дағдыларын жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға дайын болуы керек; - өзінің жетістіктерін нақты бағалай алуы керек; - алдына қойылған міндеттерді түсіне алуы керек; - оқушының жеке білім алу бағытын таңдауға және оны ұйымдастыруға ұмтылуы керек; - оқу процесінде оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы керек; - сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылуы керек; - құрбы-құрдастарының білім деңгейіне көңіл бөлу, яғни өзара бағалауға ұмтылуы тиіс; - теориялық және сыни ойлауының қалыптасуы; - ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақтылығы; - бір мақсатқа бағытталуы; - талғампаздығы болуы керек [43]. Оқушылардың жетістік деңгейін анықтауда қолданатын жиынтық бағалаудың ерекшелігі:  оқушыларға өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оларды тиісті түрде шешуге көмектеседі;  оқушыға өз жетістігін бақылауға көмектеседі;  оқушыларға мақсатты стандарттарға қол жеткізуге көмектеседі;  оқушыларды мақсатты стандарттарға қол жеткізу үшін терең білім алуға немесе көп күш салуға ынталандырады. Жиынтық бағалау (ЖБ) арқылы баланың оқудағы жетістігі бағаланады және нақты оқушыға көмектесу үшін тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін тәуелсіз критерийлер диагностикалық құрал ретінде қызмет атқарады. Жиынтық бағалауда оқушының оқу іс-әрекетінің нәтижесі өлшенеді. Ол мемлекеттік стандартқа сәйкес білім мазмұнын игеру бойынша оқушылардың жетістік деңгейі жайлы мұғалімдерге, әкімшілікке және ата-аналарға қажетті деректерді біріктіреді [44]. Жиынтық бағалаудың мақсатына сәйкес оқушылардың белгілі бір пәннен жұмысының нәтижесін бағалау пайызбен өлшенеді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін максималды балды, Бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және Бөлім бойынша жиынтық бағалау орындау уақыты реттелмейді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек [3]. Тоқсандық жиынтық бағалау баллдары пән бойынша техникалық спецификация негізінде анықталады. Жиынтық бағалаудың қосымша идеялары Мұғалімдер оқу процесінде бірқатар шығармашылық әдістерді енгізе алады. Мұнда дәстүрлі викторина немесе жазбаша есеп беру шеңберінен 6 шығатын қосымша жиынтық бағалау идеяларын мысал ретінде көрсетуге болады: - оқушылар үшін оқу бағдарламасында қамтылған және жас ерекшелігіне сәйкес келетін материалға жиынтық бағалау стратегиялары таңдалады. Таңдалған бағалау стратегиялары оқушылардың білім, дағдыларын тиімді тестілеу үшін нақты анықталған параметрлерге ие болады. - оқушыларды бағалауда бірқатар әдістерді таңдау және пайдалану әр оқушыға өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, оқушы үшін бағалаудың бірнеше жиынтық идеялары тест тапсыру, шағын спектакльдегі бірлескен ойын немесе көркем тұлғалық бейне жасау және т.б формада кіреді [44]. Оқушылардың жетістік деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалауда қамтылуы мүмкін мысалдар:  жазбаша бағалау: оқушыларға хабарлы немесе аналитикалық эссе ретінде өзіндік туынды жазу тапсырылуы мүмкін;  тиімділікті бағалау: оқушылар өз қабілеттерін көрсете алатын ісәрекет немесе оқу міндеттерді жасауы тиіс;  стандартталған баға: оқушылар берілген оқу бағдарламасы негізінде құрылған емтихан, сынақтарын тапсырады және жыл бойы білім сапасы критерийлер негізінде қойылады;  ауызша баға: оқушылардың ауызша сөйлеуі немесе презентация жасауы арқылы қойылады. Оқушыларды өзгермелі өмірге даярлауда күтілетін нәтижеге табысты қол жеткізу үшін мұғалімдерге оқу бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін тапсырмалардың маңызы зор: - оқушының тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; - оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; - проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы [41]. Таңдап алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Өздігінен реттеу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Мұғалімдер өздерінің бақылауларын, зерттеулерін қосымша алған мәліметтермен толықтыра отырып, оқушылардың таңдауларын тапсырмалардың күрделілігімен, проблемаларды шешу, мәселелердің мәнін ұғынып, түйінді нәтижеде табысқа жету деңгейін анықтайды. Мұғалім тақырып, бөлім бойынша оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жиынтық бағалау тапсырмаларын алдын ала тақырыпқа сәйкес шығармашылықпен құрастырады. Жиынтық бағалау жазбаша тест, бақылау, әңгімелесу немесе тапсырма болуы мүмкін. Ол жазбаша түрде, фотосуреттердің немесе басқа да көрнекі құралдардың көмегімен немесе аудио жазбаның көмегімен жазылуы мүмкін. Кез келген әдістемелік құрал жиынтық байланысты өткізуге ыңғайлы форматты таңдауға мүмкіндік береді. 7 Жиынтық бағалау (ЖБ) талаптары: Бөлім және ортақ тақырыптар бойынша ЖБ талаптары: - ЖБ тапсырмаларын мұғалім өзі құрастырады; - бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды; - 15-20 минут аралығында өткізіледі; - балдар дескрипторға сәйкес қойылады; - бөлім бойынша ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізілмейді; - тоқсандық бағаға әсер етеді (50%). Тоқсан бойынша жиынтық бағалау талаптары: - тоқсандық ЖБ тапсырмаларын мұғалім спецификацияға сәйкес құрастыруы тиіс; - тоқсанның барлық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қамтиды; - бір сабақ көлемінде өткізіледі (40 минут); - бағалау балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады; - тоқсандық ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізіледі (жазбаша жұмыстар үшін); - тоқсандық бағаға әсер етеді (50%) [3]. (3-4 қосымшалар). Білім мазмұнын жаңарту аясында 2020-2021 оқу жылында 10-11- сыныптарда (ҚГБ, ЖМБ) әр оқу пәні бойынша өткізілетін БЖБ саны 5- қосымшада көрсетілген. Мұғалімдерге оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін, оқу процесі мен оқушыларды дамыту процесінде сарапшы болуы үшін кәсіби дағдылар қажет. Мұғалімдер мен оқушылар үшін олардың қандай мақсатқа жеткісі келетінін білу маңызды. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесінен, жаңа тәсілдерді қолдану мен бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды. Болашақ жас буынды жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы тәсілдемелерді тиімді қолдануы маңызды. Сондықтан практикаға баса назар аударатын мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра беретіні анық. Осы мақсатта мұғалімдер оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшеліктерін түсіну, оқытудағы амал-тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық, дағдыларының, қызығушылықтардың болатындығын жете түсінуі қажет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған ЖБ нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. БЖБ қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік /шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. 8 2 Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеуге ұсынымдар Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығының негізінде жүзеге асырылады [3]. Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, өтілген оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді. Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының пән бойынша спецификациясы негізінде 2-11 сынып оқушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарының объективті білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. ұсыну ұсынылады. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. Үйде оқитын, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар әзірлейді. Білім алушылардың оқу жетістігін жиынтық бағалау карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі. Жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымы Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау сұрақтары бар тапсырмалар: 1) көпше жауап таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды; 2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады; 3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс түрінде жазады. Жауап нұсқаларымен тест тапсырмалары. Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты критерийлерімен зерттеу міндеттері. Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының оптималды саны: – 2-4 сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы; – 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмасы. 9 БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті БЖБ өткізу кезіндегі мұғалім: 1) БЖБ өткізетін бөлімдерді/ортақ тақырыптарды анықтайды. 2) таңдалған оқу материалын бөлімінің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді. 3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді. 4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында тапсырмалардың мазмұнын тексереді. 5) білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды қамтиды. 6) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді. 7) қашықтан оқыту жағдайында қол жетімді байланыс құралдары арқылы БЖБ тапсырмаларын жібереді (Күнделік.kz, мектеп порталының платформасында, электрондық пошта, чат, телебағдарламалар, қазпошта және т.б. орналастыру) 8) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес балл қою ережесінің талаптарын сақтайды (БЖБ үшін балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес). 9) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 10) электрондық журналға/қағаз түріндегі журналға балл қояды. 11) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық форматта кері байланыс (рубрика) ұсынады. ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім: 1) ТЖБ тапсырмалардың пән бойынша спецификациясы негізінде тоқсандық жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минут уақыт бөлінеді; 2) ТЖБ тапсырмалардың спецификациясы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады; 3) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады. 4) оқушылар орындаған жиынтық бағалау жұмыстарын тексереді. 5) электрондық журналға/қағаз түріндегі журналға балл қояды. 6) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық форматта кері байланыс (рубрика) ұсынады. Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар Білім алушы БЖБ және ТЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау принциптерін сақтайды: 1) білім алушы өз бетінше жұмыс істеуі, бөгде адамның көмегінсіз тапсырмаларды орындауы тиіс; 2) жиынтық жұмысты орындау кезінде білім алушы қосымша оқу ресурстарын пайдаланбауы тиіс (ерекшелік бойынша бұл ресурсқа рұқсат етілген жағдайлардан басқа); 10 3) жиынтық бағалау тапсырмаларын орындауға жауапты. 4) жиынтық жұмысты орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін білім алушы өз жұмысын мұғалімге береді. Қашықтан оқу жағдайында білім алушыларға жиынтық жұмыс тапсырмаларын ұсыну тәсілдері 1) Мұғалім жауап берудің нақты күнін көрсетеді және білім алушыларға жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары арқылы жібереді. 2) Интернет болмаған жағдайда балалардың тапсырмалары санитарлық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып (пошта бөлімшелері арқылы, қолмақол) үйге жеткізіледі. 3) Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді. 2-11 сыныптарда «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау», вариативтік компоненттен оқытылатын пәндер бойынша «сынақ» («есептелді»/«есептелінбеді») қойылады, аталған пәндерден жиынтық бағалау жүргізілмейді. Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі: 1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде үнемі өзін-өзі бағалау жүргізеді. 2. Білім алушының жеке тұлғалық қасиеттері емес, оның жұмысы ғана бағаланады. 3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес, үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады. 4. Әртүрлі форматтағы тапсырмалар түрлері пайдаланылады, бағалау критерийлері әзірленеді. 5. Бағалау критерийлері алдын ала белгілі. 6. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Төменде берілген ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылатын етістіктердің кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда көмектеседі (1 -кесте). 1-кесте. Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктер № р/п Ойлау дағдысының деңгейі Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктер 1 Білу Аудару, есте сақтау, айту, көрсету, аяқтау, қайталау, әңгімелеу, еске түсіру және т. б. 2 Түсіну Талқылау, анықтау, айту, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б. 11 3 Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, анықтау, іске қосу, зерттеу, эксперимент жүргізу, кескіндеу, түсіндіру, салыстыру, жоспарлау, көрсету, жобалау, шешу, пайдалану және т. б. 4 Талдау Талдау, топтастыру, есептеу, категорияға бөлу, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, талқылау, ажырату, айыру, зерттеу, тәжірибе жасау, түсіндіру, шығару, реттеу, болжау, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б. 5 Синтез Топтастыру, жинау, біріктіру, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, зерделеу, өзгерту, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, жазу, орнату, анықтау және т. б. 6 Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлелдеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, жіктеу, ұсыну, бөлу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, ұсыну, рецензиялау. Педагогтерге көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар көмек ретінде ұсынылады: - «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес); - формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (5-9 сынып); - жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (5-9 сынып); - формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (10-11 сынып); - жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (10-11 сынып). Әдістемелік ұсынымдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан алуға болады. Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді. Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша тоқсан ішіндегі жиынтық жұмыс үшін балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгеруі мүмкін. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады. Ағымдағы тоқсан/жартыжылдық аяқталғанға дейін жиынтық жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды тапсырғанға дейін «уақытша аттестатталмады» деген белгі электронды журналда қойылады. Тапсыру қорытындысы бойынша төртінші/жартыжылдық баға қойылады. 12 Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады. Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде (қағаз/электрондық) журналға қойылады және балды бағаға ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады. Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады. Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және уәкілетті органның шешімі бойынша қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде тоқсандық баға қалыптастырушы бағалау мен БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша тиісінше 50% пайыздық арақатынаста қойылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі. Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен ауысқан жағдайда «тоқсан үшін баға» бағанына «оқытылмаған» белгісі енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады. Осыған байланысты бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды саны тоқсанда 3-тен артық болмауы қажет, 4 және одан да көп бөлімдерді меңгеру қажет болған жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіреді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, 13 мұғалімге өздігінен бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау бойынша ұсынымдама Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады. Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс. Тапсырмаға сараптама жасауға арналған сұрақтар:  тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?  сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, диалект сөздер, анық емес сөздер және т.б.)?  тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура, ауыспалы)?  тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?  суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?  грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?  балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе?  жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма?  жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба? Тапсырмаға сараптама жасауға қойылатын талаптар:  тапсырмалар спецификациямен сәйкес (оқу мақсаты, балл саны, орындау уақыты);  тапсырмалар мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес;  тапсырмалар мазмұны ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес;  тапсырмаларды орындау уақыты рационалды түрде белгіленген;  жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ұсынылған;  балл қою схемасының құрылымында барлық маңызды компоненттер сақталған (тапсырма нөмірі, тапсырманы орындау кезеңдері көрсетілген жауаптар, әр кезеңнің баллы, балл қою бойынша ұсыныстар келтірілген қосымша ақпарат);  тапсырманың күрделілік деңгейіне балл саны сәйкес келеді. 14 Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау үшін ең сенімді, жарамды негізді талап ететін үдеріс екенін естен шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне болады. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады

 
Жаңартылған күні: 08.11.2024 12:37
Құрылған күні: 08.11.2024 12:37

Текст