"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата - аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы

Орта білім беру ұйымдарындағы

балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі

ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша

әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Тақырыбы

Мазмұны

 

1-4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  1.  

Отбасы - бақыт бесігі

 

Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу

1.      Балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі

2.      Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі

3.      Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері

4.      Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас

5.      Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері

  1.  

Білімдіге дүние жарық.

 

Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?

 

1.      Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы

2.      Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау

3.      Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері

4.      Үй тапсырмасы: көмектесеміз бе әлде...

5.      Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті

  1.  

Әрбір бала – жарық жұлдыз

 

Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?

1.      Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

2.      Баланың оқуына, мінез-құлқына және жасауына қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері. Баланың жақсысы-сүйініш, жаманы-күйініш.

3.      Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болады?

4.      Әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті.

  1.  

Баланы жастан...

Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?

1.      Ойындар – баланы дамытудың негізгі құралы.

2.      Интеллектуалды ойындар және олардың бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны дамытуға әсері.

3.      Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалдық ойындар.

4.      Баланың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуда отбасы мен мектептің өзара әрекеті.

  1.  

Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны

 

Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?

1.      Компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері

2.      Интернетті пайдалану режимін сақтау

3.      Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Баланы ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болады?

4.      Компьютерлік ойындарға балама ретінде: спорт, белсенді ойындар, шығармашылық, оқу, серуендеу, театр және т. б.

  1.  

Сенім арту - жетістік кепілі

 

Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек?

1.      Бала өміріндегі қиындықтар

2.      Агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі.

3.      Қиын жағдайға қалған балаға түсіністікпен қарау

4.      Қиын жағдайға қалған баланы қолдаудың тиімді жолдары

5.      Жағдайды шешуде баланың күшті жақтарына сүйену

  1.  

Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер

 

Балаға үлгі көрсету

1.      Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы.

2.      Ата-ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері.

3.      Балаға жақсы әдеттерді үйрету.

4.      Уәдесін орындау – ата-ананың ең басты қағидасы.

5.      Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі.

  1.  

Тәлімменен өрілген біздің дәстүр

 

Дәстүрлер отбасылық әл ауқаттың негізі ретінде

1.      Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі. Отбасылық дәстүрлер – отбасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сенімнің, сүйіспеншіліктің көрінісі

2.      Тәрбие тәлімнен. Тату үйдің тамағы тәтті. Отбасылық дәстүрлер мен хоббилердің отбасының бірлігіне ықпалы

3.      Отбасылық дәстүрлерді әдетке айналдыру жолдарын үйрету: практикалық әдістер

4.      Мектеп пен ата-аналардың отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы өзара байланысы, өзара құрмет және жаңа дәстүрлер қалыптастыру

5.      Ұлттық дәстүрлер мен отбасылық дәстүрлердің сабақтастығы

 

5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  1.  

Баланың бас ұстазы – ата-ана

Позитивті тәрбие

1. Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері

2. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету

3. Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамыту

4. Позитивті тәрбиенің принциптері мен ережелері. Позитивті тәрбиенің ұлттық бастаулары

5. Ата-ананың позитивті тәрбие нәтижесіне қанағаттануы және психологиялық саулық

  1.  

Ақыл айтпа, жол көрсет

 

 

Жасөспірімнің бейімделуі

1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті - жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі

2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар

3. Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері

4. Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту

5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі

  1.  

Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер

 

Бала жүрегіне жол табу

 

1. Мүшел жас. Жасөспірімнің жастық дағдарыстары, олардың көріністерінен шығу жолдары

2. Ата-аналар мен балалардың ортақ мүдделері – олардың өзара түсіністігінің негізі

3. Жасөспіріммен қалай қарым-қатынас жасау керек, конструктивті келіссөздер

4. Бір күндік ұрыстын қырық күндік қырсығы бар. Жанжал және оларды шешу жолдары

5. Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты сақтаудың шарты - кешіре білу

  1.  

Бұлақ көрсең, көзін аш.

 

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту

 

1. Отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойлауын дамыту әдістері

2. Ертегі ойлап табуға үйрету

3. Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы

4. Балалармен жүргізілетін шығармашылық әрекеттің тиімділігін арттыру

5. Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі

  1.  

Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері.

 

Жасөспірімнің желідегі әрекеті

1. Интернет және жасөспірімнің желідегі әрекетінің формалары

2. Жеткіншектердің интернетті пайдалануы: проблемалар, салдары және мүмкіндіктері

3. Ата-ананың жасөспірімді кибербуллингтен және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау алгоритмі

4. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер...» Желідегі жасөспірімнің мінез-құлқына тәрбиенің әсері

5. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-ананың өзара әрекеті

  1.  

«Әр нәрсенің өлшемі бар...»

 

«Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады

1.Жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары

2. Жасөспірім бойындағы қиын мінез-құлықтың белгілері

3. Жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі

4. Ашу - дұшпан, ақыл - дос. Өзін-өзі реттеу жолдары

5. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

  1.  

Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары

 

Жасөспірім мінезінің ерекшеліктері

 

1.Жасөспірімнің өміріндегі ең маңызды нәрсе – достық

2. Қазіргі балалардың достығы. Жасөспірім субмәдениеттері

3. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстар. Қорқыту. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы

4. Ата-аналардың мінез-құлық стратегиялары

5. «Қабылдау», «құрметтеу», «шынайылық» сияқты ұлттық құндылықтар – адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынастың негізі

  1.  

Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына

 

Құндылықтар - отбасы бақытының негізі

1.  Отбасылық құндылықтарды қолданудың өзектілігі

2. «Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес»: Қонақжайлылық - отбасы құндылықтарының негізі

3. «Мейірімді ата - Мейірімді бала». Ұлттық құндылықтарды отбасында қалыптастыру және сақтау жолдары.

4. Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиеті - отбасының құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді талқылау және қолдану

5. Жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды сақтауда мектеп пен ата-ананың өзара әрекетінің маңызы

 

10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  1.  

Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...

 

Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі

  1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері
  2. Позитивті ата-ана тәрбиесі – жоғары сынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау
  3. Тұлға дамуының негізі – өз  бетінше әрекет ету
  4. Ұлттық этика негізінде заман талабына сай өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
  1.  

Көркем мінез – баға жетпес байлық

 

Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі

  1. Эмоционалды интеллект және оның адам өміріне әсері
  2. Эмоционалды интеллекттің құрылымдық компоненттері: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынас жасау, (шешім қабылдау)
  3. Күйзеліс кезіндегі мінез-құлық алгоритмдері мен тиімді тәсілдер
  4. Өсіп келе жатқан балалармен қарым-қатынас мәдениеті
  5. Сезім көрінісіндегі ұлттық ерекшеліктер
  1.  

Сен жанбасаң лапылдап... 

 

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?

 

 

  1. Кәсіп - өзін-өзі жүзеге асырудың негізі
  2. Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу – өзін көрсетудің кілті
  3. Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады. Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады
  4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын қиындықтар
  5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - өмірдегі бақыт пен табыстың негізі
  1.  

Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы

 

Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары

  1. Тәуелділік түрлері (тамақ, алкоголь, есірткі, химиялық заттар, вейп, құмар ойындар және т.б.)
  2. Оқушы бойындағы тәуелділіктің белгілері
  3. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Тәуелділіктің алдын алу шаралары
  4. Тәуелділіктің алдын алуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі
  1.  

Жақсыдан қашпа, жаманға баспа...

 

Әлеуметтік желілер және ғаламтор кеңістігі: жоғары сынып оқушылырының қауіпсіздігі

  1. Жоғарғы сынып оқушыларыныңы интернет қауіпсіздігі
  2. Жоғарғы сынып оқушыларының ойынға тәуелділігін диагностикалау
  3. Жоғарғы сынып оқушыларының әлеуметтік желілер мен интернетке тәуелді мінез-құлқы
  4. Интернетке тәуелділіктің алдын алу шаралары
  5. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіне тәуелділіктің алдын алу бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеті
  1.  

Күйзелістен шығар жол

 

Күйзелісті жеңуге көмектесеміз

 

  1. Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны. Сіздің ресурстық жағдайыңызды қалай қолдауға болады. Стресстен арылу әдістері
  2. Эмоцияны бақылау – стрестен, күйзелістен шығудың жолы
  3. Агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық және стресстің басқа да экстремалды көріністері
  4. Қателесу - тәжірибе жинауға мүмкіндік береді
  5. Баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті
  1.  

Сүйіспеншілік – сыйластық кілті

 

Махаббат татулықтың негізі

  1. Махаббат - отбасындағы эмоционалды тепе-теңдіктің негізі.
  2. «Айналайын» ​​ұғымы, отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсету
  3. Эмоцияны білдірудегі шынайылық. Эмоционалды манипуляция.
  4. Жоғары сынып оқушысымен «арнайы» тақырыптарда қалай сөйлесуге болады
  1.  

Атадан өсиет, анадан қасиет

 

Ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрлер мен құндылықтары

 

  1. Халық дәстүрі мен отбасы дәстүрінің байланысы. Ұрпақтар сабақтастығы алдыңғы ұрпақтан жастарға білім, құндылықтар, көзқарастар мен дәстүрлердің берілуі
  2. Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар. Әке мен ананың отбасындағы рөлі
  3. Отбасы тәрбиесінде міндетті түрде ескерілетін мәселе - қазіргі балалардың даму ерекшеліктері
  4. Қазіргі құбылмалы қоғамда отбасылық дәстүрлерді сақтау
Жаңартылған күні: 08.11.2024 11:34
Құрылған күні: 08.11.2024 11:34

Текст