2013 жылғы 25 маусымдағы №193
Қазақстан Республикасы
экономика және қаржылық бюджет
жоспарлау Министрдің бүйрығына
2 Қосымша
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша « №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі
Жалпы ережелер.
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Ерейментау қаласы, Қазақ көшесі 8/1,
тел: 2-26-55, 2-19-52.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім бөлімі 2023 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 2 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 31 қызмет көрсетіліп, оның 1 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 27 - электронды үкімет порталы арқылы, 3 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, Бас тарту саныны-0.
3) Ең көп сұранысты қажет ететін - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 17 қызмет көрсетілді,
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының №3 жалпы орта білім беретін» КММ-нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.
2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының №3 жалпы орта білім беретін» КММ-сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау
1. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
Жалпы 31 қызмет көрсетіліп, оның 1 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 66 - электронды үкімет порталы арқылы, 3 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 27 жеке тұлға.
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
«Ақмола облысы
білім басқармасының
Ерейментау ауданы
бойынша білім бөлімі
№3 жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ»
ММ-нің басшысы Б.Куланбаева