06.05.2021
Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі.
📚Дарынды балаларды қолдау жұмыстары әрі қарай жүргізіледі. «Мың бала» жобасы жалғасады, Республикалық олимпиаданың, Президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі.
📚Қосымша білім алуға кең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс барлық ұйымдарда орналастырылады.
📚Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді.