Сценарий барысы:
Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз
мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз
құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты
болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа
леп.
2 - жүргізуші: Наурыз –
қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық,
тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
2 - жүргізуші: Қыс өтіп қар
кетті, Жырлайық жаз жетті. Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз! Жазира:
Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде,
Наурыз, күлімде