Аудандық «Шындықтан туған шын поэзия» атты поэзия кеші
1 - Жүргізуші:
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайса ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!
Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер,
өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі поэзия кешіміз----
Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,
Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп,
өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған
М.Мақатаевтың бүгінгі аудандық жалпы білім беретін
мектеп оқушылары арасында өткелі отырған шығармашылық байқауына қош келдіңіздер!
Ән: Бөгенбай батыр атындағы қазақ
орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Республикалық үздік
педагог байқауының жеңімпазы, жоғары санатты педагог Нұрмұханов Берік
Жаббарович және 9 «А» сынып оқушысы Боранова
Гулдана орындауында «Есіңе мені алғайсың»
Рахмет,
қошеметтеріңізді аямаңыздар!
2-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі
кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін
өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты
тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын
балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі
отырмыз.