"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке» Cыздық Ж.

06.03.2019

Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке»

Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.

Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)

Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.

Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».

1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.

2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.

3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.

Хор: Әңгелек.
1. Шуағында көктемнің,
Қауын дәнін еккенмін.
Өзім күтіп баптадым,
Жаздай тыным таппадым.

Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет

2. Сап – сары боп сабағы
Иісі мұрын жарады.
Тіл үйіріп, бал татып,
Қойды бізді тамсантып.

Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
(Оқушылардан тақпақтарын сұрау)

Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.

 Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан – теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

 Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.

 Еңбек – өлім жан қанатын қиятын
Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.

Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.

- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.

- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.

Тамерлан (автор): Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.

Д. Динара (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ?
Ақбота (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан.
Д. Динара (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.
Д. Динара (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.
Д. Динара (қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Даладан келдім жан – жақтан
Жер – анам мені көсілген
Дихандар мені өсірген (толықтыру...)

Мұғалім: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
Мұханбетханафия: Еңбек – бәрін жеңбек.
Зейнеп: Еңбек етсең емерсің.
Динара: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Рақымжан: Еңбек ер атандырады.
Есқуат: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Мағына: Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Мәдина: Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Өркен: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Перизат: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Нұрдәулет: Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ақтілек: Ерінбеген етікші болады.
Қасиет: Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.

Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды

 

 

 

Просмотров: 933


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст