"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Наурыз 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімділікпен сенім есігін ашады» Нурлыбаева Р.К

13.03.2019

Сабақтың тақырыбы:          «Мейірімділікпен сенім есігін ашады»

Мақсаты:  1.  «Қайырымдылық»,  «Мейірімділік»,   адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа тәрбиелеу.

2.  Әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға  жетелеу. 

 3.   Мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Секен Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті  жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

1.     Психологиялық дайындық.  Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік.

-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

2.     Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

3.    Презентация көрсету.«Қазақстан – мейірімділік мекені» дегенде алдарыңа не елестетесіңдер? Түрлі – түсті қағаздарға не елестететіндерінді бейнелеңдер.

Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

 IV «Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім

« өте мейірімді». Сонан кейін  мұғалім алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.

V « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

Жүргізуші.      « Мейірімділік  нұры» -үшақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Қорытындылау.

« Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік.

Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік.

Көгілдір- сүйіспеншілік.

Жасыл- әдептілік.

Көк- ізеттілік.

Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

 Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

         Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

4.     Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1.     Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............

2.     Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........

3.     Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

 

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру.

Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Сергітейік жанымызды.

         Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға іліңдер. Ол үшін сендерге мынадай заттар қажет болады:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын Ғаламтордан қараңдар. Техникалық қауіпсіздіктерді  естен шығармаңдар. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілуді ұмытпаңдар.

6.     Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ түстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

7.     Сабақты бекіту.

Мейірімді бол! 

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?

 

Просмотров: 1226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст