Место проведения: площадь перед центральным входом в школу
Время проведения: 1 сентября 2019 года 10.00
Звучит музыка на школьную тематику. Фанфары. Выход ведущих.
1. Песня «Көк тудың желбірегені» в исполнении солиста
Ведущий 1. « Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
Тәуелсіз Қазақ елінің перзенттері!
Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар және жас ұрпақ ! Үлкен де сәулетті білім әлемі № 4 орта мектебіне – қош келдіңіздер!
Ведущий 2. Здравствуйте, дорогие ученики, родители и гости нашего праздника! Мы рады сегодня вновь увидеть вас. Во всех школах нашей огромной страны начинается новый учебный год. И все повторяется: уроки и перемены, будни и праздники. А сегодня наш первый школьный праздник в новом учебном году.
Ведущий 1: Мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер мен ата-аналар үшін «Алғашқы қоңырау» мерекесінің алатын орны ерекше. Бала қобалжыса, ата-ана азамат болды деп қуанады. «Алғашқы қоңырау» баланың білімге деген сүйіспеншілігін, құштарлығын тудырады. Мектеп табалдырығын алғашқы аттаған бүлдіршіндерді салтанатты жиынымызға ду қол шапалақтап, қарсы алайық.
Ведущий 2. А вот и они идут! Встречайте!
Ведущий 1: 1а сыныбы, жетекшісі:
1б сыныбы, жетекшісі:
Ведущий 1. Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран!
Звучит Гимн Республики Казахстан.
Ведущий 1: Құттықтау сөз мектеп директоры Куланбаева Балдырған Каменовнаға беріледі.
Ведущий 2; Слово предоставляется Зам директор по учебно работе Агибаевой Гульбарам Хайдаровне
Ведущая 2:Слово предоставляется первоклассникам: (музыкальная заставка)
Стихи
Ведущий 1: Бүгін біздің мектебіміздің табалдырығын алғаш аттап, бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге мектеп өз есігін айқара ашты.
Шарықтасын шат көңілдің алыбы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең, біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы.
Бүгінгісалтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтары-
Құттықтау сөз мерекеміздің құрметті қонағына беріледі.
Звучит фоновая музыка. Вручение цветов гостям.
Выходят учащиеся 11А класса.
Ведущий: Слово, первоклассникам, предоставляется ученикам 11 А класса
Музыкальный номер
Ведущий 1. Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
1 ведущий: И вот наступает торжественный миг.
Минуту внимания! Замри, ученик!
Сейчас он раздастся, наш первый звонок.
И пригласит всех на первый урок!
Ведущий 1; «Алғашқы қоңырау алысқа – алысқа шақырады»- дей отырып, бүгінгі күннің алғашқы коңырауын соғуға рұқсат етіңіздер.
Ведущий 2; И сейчаспо старой, доброй традиции приходит время первого звонка. Право дать первый школьный звонок предоставляется ученику
Звенит звонит
Ведущий 1. Ата-бабам жанын қиып, қорғаған,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
Қазақстан – алтын бесік, Отаным!
Жайнай бергін әрқашан, әрқашан!
Көк туымның мәртебесі көкке самғап өрлесін,
Әлем танып қазағымды қолдан намыс бермесін.
Ата-бабам арман еткен еркіндіктің алауы,
Мәңгі маздап ошағымда енді қайтып сөнбесін!
Ведущий: Первыми пройти на свой первый урок Знаний на тему: «»приглашаем наших первоклассников.
1. Принимает часто школа
Ребятишек в первый класс,
Но сегодня день особый:
Мы пришли! Встречайте нас
2. Я вчера еще не знал,
Что такое школа,
И себе не помышлял,
Даже про такое.
3 Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып-білім аламыз
4. Раньше мы играли в школу,
Но закончилась игра.
Нам завидуют сегодня
Дошколята со двора.
5. Я еще вчера в портфель
Уложил тетрадки
И в пенал карандаши
Вставил по порядку.
6 .Армысыздар мұғалімдер қымбатты,
Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті.
7. Папа с мамой почему-то
Сильно волновались.
Говорят, не спали ночь,
За меня боялись.
8. Мы сегодня гордо шли
По осенним улицам.
Лишь посмотрит кто на нас,
Сразу залюбуется.
9 .Өсті міне бойымыз ,
Өсті ақыл ойымыз.
Жиналған бүгін бар қауым,
Құтты болсын тойымыз.
10. Нам ни капельки, друзья,
Не было обидно,
Когда сказали: первый класс
Из-за цветов не видно!
11. Ученицей стану я,
Как и все мои друзья.
Станет школа – дом второй,
Светлый, добрый и родной.
12.Қадірлі мектеп бұл мектеп,
Оқыған ата-анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп,
Әрқашан еске аламыз.
13. Вы, ребята, нас примите
В дружную семью,
Вы нас дружно
все учите Ра-зу-му
14. Красивые добрые книжки
Я научусь читать.
Узнаю про все интересное,
Хочу академиком стать.
15. Алтыға толдым биыл мен ,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына ,
Мектепке барам асыға.
16. На уроках спать не буду,
Буду я старательным.
И начальником большим
Стану обязательно.
17. Будем мы усидчивы,
Прилежны и старательны,
И тогда пойдет учеба
Просто замечательно!
18.Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.
Первоклассник: Туған Республикам, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғары мәдениетті азамат боламын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін, Конституциясы мен Зандарын бұлжытпай орындаймын, Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеймін деп
Первоклассники все вместе: Аңт етеміз! 3 р
Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын! Қыркүйектің қоңыр салқын лебі, мектепке қарай тұңғыш рет толқи қадам басқан бүлдіршін шәкірттің жүзін желпиді... Мектеп-ана есігі тағы да шәкірттерге айқара ашылды.
Мереке зор қуаныш-Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын, қадамдарын,
Балдырған, балғын жандар-өмір гүлі.
Мектеп –ана, мектеп-өмір, бүлдіршіндер үшін қызықты да думанды, қуанышты да мерекелі болсын!
Жас дос!Арман қанатында алыстарға көз тіккен бала қыран! Балалықтың бал дәуреніне қол бұлғап, білім жолына аяқ басқан алау жүрек!Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Білім үшін оқу іздеп келгендер,
Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.
Білім алу ең бірінші парызың,
Оқу үшін аянбай бір терлеңдер.
Көкірегіне жыр қуаныш толады
Біз жасайтын жаңалықтар мол әлі.
Құтты болсын мерекеңіз, жас достар.
Зор құрметпен білім кілтін қабыл ал!
Первоклассник: Туған Республикам, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғары мәдениетті азамат боламын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін, Конституциясы мен Зандарын бұлжытпай орындаймын, Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеймін деп
Первоклассники все вместе: Аңт етеміз! 3 рет
Даламызға білім нұрын таратушы Ыбырай Алтынсариннің қоңырауы бүгінде жүздеген мыңдаған қоңырауларға қосылып кәусәр бұлақтай сыңғырлайды. Біздер де бүгін білімге сапар шегеміз. Ғылымның терең сырға толы теңізіне ақ желкен арман кемесіне мініп білімің сыналар сәтте толқитын боларсың? Олай болса көңіл желкеніңе сәттілік желі серік болғай. Білім деген сапарда жолың болсын талапты жас шәкірт ,болашақтың иесі.