2022 жылдың 21 сәуірінде мектепте 5-6 сынып оқушылары арасында жаратылыстану,
5-9 сынып оқушылары арасында география бойынша конкурс өтті.
Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ету.
Міндеттері: 1. Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың танымдық қызметін жандандыру;
2. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын, зейінін, ойлау қабілетін, бастамашылдығы мен белсенділігін дамыту, қоршаған әлемге қызығушылығын ояту.
3. Ұжымшылдықты, камарадия сезімін, өзара көмек, командалық рухты тәрбиелеу.
Сонымен қатар оқушылар 5-9 сынып оқушылары арасында Тарих бойынша байқауға белсенді қатысты .
Мақсаты: оқушыларға "Отанға деген сүйіспеншілік" құндылығын жеткізу, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту,
патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу. Міндеттері: оқушылардың ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту;
оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру; балалардың шығармашылық қиялын жандандыру; өз еліне,
оның бай тарихы мен қиын тағдырына, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу