"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Наурыз 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер» Сыздық Ж.С

04.11.2019

Тақырыбы: «Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер»

Мақсаты: Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге, жалпы зиянды заттарға қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу. Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, карточкалар, әліппе дәптер, слайд.
Сөздік жұмыс: пайдалы-зиян, емдік шөптер, темекі, шарап, никотин, түтін.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, көрнекілік.

Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру

Оқу іс-әрекетінің барысы: Іс-әрекет кезеңі.
Жылулық лебізі.
Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгінде
Достығымыз жарасқан
Ән салуға барамыз
Досымызды табамыз!Сәлемет пе!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар?
-Бір аптада неше күн бар, ата?
-Балалар бүгін аптаның қай күні?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар бір-біріне қарап, күлімдеп, көңіл-күйлерін көтеруге тырысады.

Қазір көктем мезгілі.
Көктем мезгілінің айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Бір аптада 7 күн бар. Бүгін аптаның жұма күні.
Көктемде қар еріп, жерге шөптер өсіп, шығады.

Ізденістер ұйымдастыру.
-Бүгін, біздер «Денсаулық еліне» саяхатқа аттанамыз. Денсаулық елінде Салауат атай бар.
-Балалар, Салауат атай туралы білгілерің келе ме?
Салауат атай – дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді.

«Ыммен көрсет!» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету.(шаңғышы, хоккеист, каратист, жүзуші, футболшы, т.с.с.)

- Иә, жарайсыңдар! Біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттер бар. Ал, ендеше, өздерінің бойындағы кездесетін жаман әдеттерді атап көріңдерші?!
-Сонымен қатар, зиянды заттарға біздің күнделікті ішіп-жеп жүрген әдеттеніп кеткен заттар да жатады екен.
-Зиянды әдеттердің біріне-темекі және темекі шегетін адамдар да кіреді. Бұл жайында не білесіңдер?

-Иә, темекі шегу адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға, яғни біздің барлығымызға зиян.

-Шарап сусыны-денсаулыққа зиян. Шарап тек асқазанға ған емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.
-Сондықтан, денсаулығымыз мықты болу үшін салауатты өмір салтын, күн тәртібін сақтап дағдылану керек.
-Балалар, қанеки, өз бойымыздағы жақсы дағды-әдеттерімізді айтайықшы?!
-Жеміс-көкөністерде, сүт тағамдарында дәрумендер көп. Таза суда денсаулыққа пайдалы, күш қуат береді.
«Дәрілік шөптер!»
Мақсаты: дәрілік шөптердің түрлерін, оның адам денсаулығына пайдасын, ауырғанда емдік қасиетті шөптер қолдану керектігін айту.
-Алоэ гүлі, калина шөбі суық тию мен тұмауға қарсы,яғни тұнбасын ішсе, ауырғаны басылады, жазылады.
-Сонымен қатар, жуынып, тіс, құлақ тазалап, гимнастика жасап, билеп, уақытында егілуге барсақ,ауырмаймыз, денсаулығымыз мықты болады.
Сергіту сәті:
Біз таза жүреміз,
Тырнақты тістелемейміз.
Жуылмаған жемісті жемейміз.
Тазалықты құптаймыз
Біз ешқашан ұрыспаймыз
Салауаттың кеңесін жадымызда ұстаймыз!

Әліппе дәптермен жұмыс.
1.Ауруды біреуге жұқтырмас үшін жөтеліп, түшкіргенде ауызыңды қолорамалмен жауып ұста.
2.Ауырған кезде қандай тазалық ережелерін сақтау керек?
3.Мына, балалардың салған суреттерінен шылым шекпейтін адамның суретін көрсет.
4.Пайдалы кеңестерді көк түспен, жағымсыз әдеттерді қызыл түспен белгіле.

«Пайдалы-зиян» дидактикалық ойыны.Тақтада екі түрлі көңіл-күйдегі көңілді және көңілсіз адам бейнеленген суреттер ілінеді. Ойынға қатысушы пайдалы заттардың суретін көңілді, ал денсаулыққа зиянды суретті көңілсіз адамға қарай орналастырады.

«Егуден қорыққан сусиыр».
Бір күні сусиыр сары ауруға қарсы егілуге марабу деген құс досымен бірге ауруханаға барады. Сусиыр осы кезде қатты терлеп кетті. Марабу құс досы есікті қақты:
-Иә, кіріңіз!Ине егуді бастайық -деді дәрігер.
Сол сәтте дәрігердің егілу инесін көрсе сала сусиыр аппақ болып кетеді.
Дәрігер қатты шошып кетті.
-Сіздің сусиырыңызға не болған? Ол неге кенеттен ағарып кетті?-деді марабу досына.
-Дәрігер, ол үнемі сондай, бірде ақ, бірде тағы басқа түсте болады, өйткені ол ерекше сусиыр.
Үлкен инелі егуді дәрігер әкелуге кеткенде сусиыр үйіне қарай қаша жөнеледі. Келесі күні марабу құс досы келсе, сусиыр лимон сияқты сап-сары болып кеткенін көріп, таң қалады. Дәрігерге марабу құс хабарлайды:
-Дәрігер, менің сусиыр досым, кенеттен лимон секілді сап-сары болып кетті.
Дәрігер:-А, солай де!Кеше ине салынбағасын ол сары аурумен ауырып қалған ғой. Дереу жедел жәрдем жіберемін.
Жедел жәрдем кереуеттің үстіне сусиырды жатқызады. Сол күні марабу құс досы келеді. Сусиыр қатты іші пысып, досының ертегі айтып беруін өтінді.
Марабу құс досы:-Баяғы заманда бір сусиыр болыпты. Ол өте қатты ине егуден қорқыпты. (Сол сәтте сусиыр қызыл түске айналып кетеді).Өйткені ол қатты ұялыпты.

Иә.

Балалар өздерінің бойындағы жақсы, жағымсыз әдеттері қаншалықты екенін талқылайды.

(тырнақ тістелеу, жеміс-көкөністерді жумай жеу, зиянды тағамдар жеу, жаттығу жасамау)

Балалардың жауаптары.


Тырнақ алып жүру, жуыну,жаттығу жасау,т.б.

Балалар киімдерін сүртеді.
Иіліп еденге, Саусақтарын қимылдатады.
Қолдарын айқастырады.
Қолдарын жиып, отырып тұрады.

Балалар әліппе дәптердегі тапсырманы мұқият орындап шығады.

Балалар ойынға белсене қатысады.

Ертегіні сахналайды.

Оқушылар ертегіні мұқият тыңдайды.

Қорытынды - Осымен денсаулық еліне саяхатымыз аяқталды. Бүгінгі валеология оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?Не туралы болды?
-Иә, жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар!Салауатты өмір салтының ережелері қандай?
-Иә, осы режимді күнделікті әдетке айналдыру керек.
-Балалар кім денсаулық, микробтар туралы тақпақтар айтады?
-Денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қайдан аламыз?

Мадақтау.Бағалау.
Балалардың жауабы...
Күн режимін дұрыс сақтау, шынығу, дұрыс тамақтану.

Дәрумендерді жеміс-жидектер, көкөністер және сүт тағамдарынан аламыз.
Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: адам бойындағы жақсы қасиет-дағдыларды білу;
Болуы керек: ішімдік пен никотин денсаулыққа зиян екендігі жайында түсінігі болу;
Баланың қолынан келуі: күнделікті салауатты өмір салтының ережелерін сақтау туралы әңгімелеу, тапсырмаларды орындау, сұрақтарға толық жауап беру;

Просмотров: 1375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст