"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Күнтізбе


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңі Сыздық.Ж.С

20.01.2020

 

Сабақ: әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бөлім атауы:

Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған...

Сабақ тақырыбы:

С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңі

СЫНЫП: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаттары

 

Барлық оқушылар орындай алады:

      С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңіндегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

      Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

      Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, өмірмен байланыстырады;

      Өлеңдегі автор бейнесін анықтап, сипаттама жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

      Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, сыни көзқарасын білдіреді;

      Өлеңдегі автор бейнесін анықтап, өзіндік тұжырым жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: өлеңді оқиды, мазмұнын түсінеді, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды, идеясын түсіндіреді, автор бейнесіне талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді.    

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қараңғылық, қазақ көгі, мұздаған жүрек, надандық теңізі, отайып, т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша...

Сол себепті...

... деп дәлел келтіремін, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ел есінде қалған қандай алаш азаматтарын білесіңдер?
  • «Қазақ көгі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Бағалау критерийлері

  • Өлеңнің идеясын ашады;
  • Идеясы арқылы көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды;
  • Автор бейнесін анықтайды.   

Құндылыққа баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы атты Мәңгілік Елдің басты құндылықтарын негізге ала отырып, оқушыларға С.Торайғыровтың тарихта алар орнын, мәдениетіміз бен тіліміздің дамуы жолындағы өнегелі істерін үлгі ете отырып, өз тілімізді, туған халқымызды құрметтеуге, Қазақстанның білімді азаматы болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

Алдыңғы оқу:    С.Торайғыровтың өмір жолымен, бірқатар өлеңдерімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

 

Басы

5 минут

 

Ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу;
  2. Қатысымдарын тексеру.

Топтастыру. Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Кезек-кезегімен бүгінгі сабаққа қатысты тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді. «Санамақ» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.

Ой шақыру. «Мозайка» әдісі

 

Оқушыларға С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар жазылған қағаз қиындылары беріледі. Қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап бере отырып, мозайка құрастырады. Мозайкада С.Торайғыровтың портреті бейнеленеді.

Сұрақтар:

  1. С.Торайғыров қай өңірде дүниеге келген?
  2. С.Торайғыров алғаш сауатын қалай ашады?
  3. С.Торайғыров 1912 жылы қай қалада білім алған?
  4. С.Торайғыровтың қандай шығармаларын білесің?
  5. Семей қаласына барған С.Торайғыров не себепті оқуға түсе алмай қалады?
  6. Ақын 1915-1916 жылдары немен айналысады?
  7. С.Торайғыровтың бір өлеңінен үзінді оқыңыз.

- Суретте кім бейнеленген және бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?

 (оқушылардың жауаптары тыңдалып, сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлері хабарланады)

 

 

 

 

 

 

 

 

Мозайка түріндегі С.Торайғыров-тың портреті

Ортасы

5 минут

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

     

 

 

Бейнеролик. «Мен-қазақ: қазақпын деп мақтанамын» атты С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіледі.

        С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады.

«Ойталқы пирамидасы» әдісі

Тапсырма. Пирамидада көрсетілген сұрақтарды негізге ала отырып, өлеңнің идеясы арқылы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдаңдар. Әр топ өзара пікір алысыңдар.

 

Қандай мақсат көзделеді?

 

 

 

 

Қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтеріп тұр?

Бұл үн қалай жасалған?

Қандай пікір тұрғысынан сөйлеп тұр?

Сөйлеп тұрған кім?

 

 

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап табады;
  • Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;
  • Өз ойларын ортаға салып, пікір алысады;

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушы бағалауы: «Мадақтау сэндвичі» арқылы жүргізіледі.

  1. Келіспейтін тұсы
  2. Сыни пікір
  3. Келісетін тұсы

Мұғалім бағалауы: «1+, 1-» әдісі арқылы жүргізіледі.

Айтылған пікірлердің бір жетістік тұсы мен бір кемшілігі айтылады.

 «Автор оқушы көзімен...» әдісі

Тапсырма. Өлең ішінен мына сезімдерді бейнелейтін жолдарды жаз. Сол жолдарға сүйене отырып, тірек сөздердің лайықтысын таңдап автор бейнесін анықтаңдар.

 

Отансүй-гіш

Жауапкершілік

Мейірім-ділік

Батыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сөздер: отансүйгіш, залым, сараң, батыл, жауапкершілігі мол, мейірімді, қатыгез, қорқақ. Жауапкершіліксіз, жағымпаз, жігерлі, білімді, жанашыр.

 

 

Дескриптор:

  • Өлеңнен тиісті жолдарды табады;
  • Тірек сөздерді дұрыс таңдайды;
  • Автор бейнесін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушы бағалауы: «Мадақтау сэндвичі» арқылы жүргізіледі.

  1. Келіспейтін тұсы
  2. Сыни пікір
  3. Келісетін тұсы

Мұғалім бағалауы: «1+, 1-» әдісі арқылы жүргізіледі.

Айтылған пікірлердің бір жетістік тұсы мен бір кемшілігі айтылады.

Соңы

5 минут

Рефлексия  «Плюс, минус, қызықты»
«
Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ”
«Қызықты»- не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келеді

+ Плюс

  • Минус  

?  Қызықты

 

 

 

Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс. Өлең жолдарын аяқтап, шумақ құрастырыңдар.

Тәуелсіз қазақ көгінде,

Самғаймын мен қырандай.

_______________________

_______________________

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

         

 

 

Просмотров: 3342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст